Қытайда негізгі өткізу пункттеріндегі бизнес-ортаны оңтайландыруға және трансшекаралық сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдетуге бағытталған 2023 жылға арналған арнайы науқан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Алты мемлекеттік мекеме, соның ішінде ҚХР Бас кеден басқармасы бастамашы болған науқан Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай және Чунцин сияқты 12 провинцияның 17 қаласында бес ай бойы жалғасады.
Смарт-өткізу пункттерінің құрылысын тереңдету және оларды цифрлық трансформациялау, сондай-ақ сыртқы сауда индустриясын жаңғыртуды, бизнестің жаңа нысандарының салауатты және тұрақты дамуын қолдау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ, логистикалық сектордың және трансшекаралық кедендік ресімдеу үшін жеткізу тізбегінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын жақсарту, импорт пен экспортты орындау шығындарын стандарттау және азайту, сыртқы сауда субъектілерінің оңтайлылығын шешу шараларына күш-жігер жұмсалатын болады.
2022 жылы Қытай елдің 10 қаласында трансшекаралық сауданы жеңілдету үшін арнайы науқанды бастады. Акция аясында енгізілген барлық 10 реформа мен инновациялық іс-шара сәтті жүзеге асырылып, жергілікті кеден органдары шығарған 501 шара да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.