Қазірдің өзінде Шанхайда ауа температурасы 34 градусты көрсетіп тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Шығысымыздағы көршіміздің өзге де ірі шаһарларында ескерту жарияланды.
Мамандар алдағы күндері мұнда аномальды ыстық болатынын айтады.
Билік бұл коронавирус пандемиясынан кейін енді қалпына келе бастаған экономиканы шатқаяқтатып тастауы мүмкін деп алаңдаулы. Өйткені ауа райының қолайсыздығы ауыл шаруашылығы мен электр жүйесіне кесірін тигізері анық.
Лю Цинь, саяхатшы:
- Жыл сайын аптап ыстық жиі қайталанатын болды. Бұл климаттың өзгеруінің бір салдары болуы да мүмкін шығар. Сондықтан табиғатты аялауымыз керек. Жылдан жылға күн ыси берсе, кейін жағдай не болмақ?.