Қырғызстанның Жоғарғы соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкімнің күшін жойды

Қырғызстанның Жоғарғы соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкімнің күшін жойды

Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев сотты болған қылмыстық авторитет Азиз Батукаевты босату туралы қылмыстық істі жаңа сот қарауына жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шешім адвокаттардың өтінішінен кейін қабылданған. Үкімнің жойылуы Алмазбек Атамбаевтың қамаудан босатылуы мүмкін екенін білдіреді.


Жаңадан қарау үшін істің Бірінші Май аудандық сотына жіберілетіні айтылады.

Қазіргі уақытта Атамбаевтың жақтастары ол қамауда жатқан Молдовановкадағы колония маңында жиналып жатыр. Олар бұрынғы президент бүгін бостандыққа шығады деп үміттенеді, деп жазады Sputnik Кыргызстан.

"Атамбаев алдағы 5-10 минутта босатылуы мүмкін, оның заттары көлікке салынған. Адвокаттар Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының шешімін алып, колонияға кірді. Оның босатылуын тағатсыздана күтіп тұрмыз", - деген экс-депутат Рыскелді Момбеков.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаев 2019 жылдың тамыз айынан бері қамауда отыр. 2006 жылы Азиз Батукаев Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылған. Тәртіпсіздік кезінде депутат Тынычбек Ақматбаев, жазаны орындау бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов және парламенттің екі депутаты қаза тапты. 2013 жылы Батукаев медициналық комиссияның қорытындысы бойынша түрмеден босатылып, оған қан қатерлі ісігінің соңғы сатысы диагнозы қойылған.    Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа төлқұжат алып, елден кетіп қалған. Тергеу мәліметінше, оны босатуға жоғары лауазымды тұлғалар, оның ішінде экс-президент Алмазбек Атамбаев қатысқан. Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылған.

2020 жылдың маусымында Бішкек аудандық соты Алмазбек Атамбаевты қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін кінәлі деп тапты. Экс-президенттің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырылып, 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Екі жылдан кейін Атамбаев екі қылмыстық іс бойынша ақталды. Алайда, кейін Жоғарғы сот өз шешімін бұзып, экс-президентке қайта айып таққан.

Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары Қырғызстан президенті қызметін атқарған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста