Осы айдың басында Жапонияның Саппоро қаласындағы қонақүйлердің бірінде ер адамның басын кесіп тастады деген күдікпен жас әйел мен жергілікті дәрігер, қызы мен әкесі қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Полиция 2 шілде күні қонақүй номерінің ванна бөлмесінде жалаңаш әрі басы жоқ күйде табылған жәбірленуші - 62 жастағы Хитоши Урамен әйел арасындағы қарым-қатынасты тексеріп жатыр.
Полиция 59 жастағы жергілікті дәрігер Осама Тамура мен оның 29 жастағы қызы Рунаны марқұммен не байланыстырғанын да тексеруде.
Полиция Руна мен Ураның бір-бірін танитынын анықтады, бірақ екі күдіктінің кінәсін мойындағанын айтудан бас тартты.
Мәйітті тексеру барысында адам өліміне пышақ жарақатынан қан кетіп, геморрагиялық шок себеп болғаны анықталды. Ураның басын пышақпен кесіп, оқиға орнынан алып кеткен.
Ура және тағы бір адам 1 шілде күні жергілікті уақыт бойынша 22:50 шамасында Саппородағы қонақүйге тіркелген. Келесі күні түнгі сағат 2 шамасында бөлмеден бір адам жалғыз шыққан.
Қонақүй бөлмесіне кірген кезде Ураның қасында болған адам қысқа бойлы, кең жиекті қалпақ пен ашық түсті әйел киімінде болған. Ал түнгі сағат 2-де шыққан адам қара киім киген, деп хабарлады тергеу органдары.
Ураның мәйіті кейінірек, 2 шілде күні қонақүй қызметкері тауып алды. Ол Ураның күні бойы бөлмесінен шықпағанынан күдіктеніп, бөлмені тексеруге келген.
Оқиға Сусукино қаласының маңында болды, онда аз уақыт тұруға арналған «махаббат қонақүйлері» көп.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz