Қарақалпақстанда наразылыққа қатысқан азаматтарға сот үкімі шықты

Былтыр 1-2 шілдеде Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында шеруге шыққан азаматтарға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Бұхара облыстық сотында сот отырысы болды. Онда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған 22 азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталып, үкім жарияланды.

 

Бұл қылмыстық іс бойынша басты кінәлілердің бірі деп саналған Дәулетмурат Тажимуратов 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

 

Дәулетмұрат Тәжімұратов Қылмыстық Кодекстің 159-бабы 4-бөлігі, 167-бабы («Жымқыру немесе талан-таражға салу»), 3-бөлігінің «а» тармағы, 243-бабы («Қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыру»), 244-баптың 3-бөлігі және 244-1-бабының 3-бөлігінің «а», «б», «г» тармақтарында көрсетілген қылмыстарда кінәлі деп танылып, Қылмыстық Кодекстің 59-бабына сәйкес, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған жазаның алғашқы екі жылын түрмеде, ал қалған мерзімін қатаң тәртіптегі колонияда өтеу белгіленді, –  делінген хабарламада.

 

Сот отырысында ұйымдасқан топқа қосылып, әлеуметтік желілер арқылы сепаратизм идеясына негізделген материалдарды таратып, халықты тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталған журналист Лолагул Қаллиханова сот залынан босатылды.

 

Лолагул Қаллиханова Қылмыстық Кодекстің 159-бабы 4-бөлігінің 244-бабының 3-бөлігі және 244-1-бабының 3-бөлігінің «а», «б», «г» тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық Колекстің (Әрі қарай – ҚК, - ред.) 57-бабы қолданылып, ҚК-нің 59-бабының тәртібімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, ҚК-нің 62-бабына сәйкес тағайындалған жазадан 6 ай 24 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасынан шегеріліп, жазасын өтеу үшін 7 жыл 5 ай 6 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, ҚК-нің 72-бабы қолданылып, жаза шартты 3 жыл сынақ мерзімі белгіленіп, сот залында босатылды, –  делінген ресми хабарламада.

 

Сонымен бірге, жасалған қылмыс салдарынан келген 6,8 млрд сум залалдың 256 млн сумы өтелгенін ескере отырып, өтелмеген 6,5 млрд сумнан астам материалдық залал сотталғандардан бірлесіп өндіру, талан-тараж жасалған 228 млн сумды сотталған Тажимуратовтан өндіріп алу, сотталғандарға тиесілі қылмыстық іс бойынша тыйым салынған мүліктің шығынын өтеу туралы шешім қабылданған.

 

Жоғарыда келтірілген үкіммен келіспейтін тараптарға Қарақалпақстан Республикасының соты арқылы процессуалдық заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық инстанция органына шағымдануға, ал прокурордың наразылық білдіруге құқығы бар екені айтылған.

 

Сотталғандардың толық тізімі мына сілтемеде sud.uz жарияланған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста