Қаңтар оқиғасын тергеу жөніндегі "Ақиқат" қоғамдық комиссиясының мүшелері жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған жыныстық зорлық-зомбылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Комиссия мүшелері зорлық-зомбылықтың екі фактісін тіркеді.
"5 қаңтарда автобустар жүрмеді, сұлулық салонының қызметкерлері жұмыстан қайтып келе жатқанда оларды белгісіз біреулер зорлаған. Олар полицияға арызданған жоқ. Отбасылары, күйеулері болғандықтан жария еткісі келмеген", — деді "Human Rights Lawyers" ҚҚ төрағасы Ләззат Рақышева.
Тағы бір факті туралы адвокат Айман Омарова айтты.
"Тағы бір зорлау оқиғасы әкімдік ғимаратының жанында болды. Бұл факті бойынша да полицияға арыз түскен жоқ", – деп түсіндірді Айман Омарова.
Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Президент Twitter-де "бандиттер жас сарбаздарды өлтірді, әкімшілік ғимараттарды өртеді, жеке үйлер мен дүкендерді тонады, бейбіт тұрғындарды өлтірді, әйелдерді зорлады" деп мәлімдеген еді.