Өзбекстанда елдің қазіргі және бұрынғы президенттерін балағаттаған блогер 3 жылға сотталды.
Хорезм облысының 31 жастағы тұрғыны телеграмм желісінде билік өкілдерінің ар-ожданына нұқсан келтірді деп айыпталды. Сот алдында хорезмдіктің қылмыс кезінде мас күйінде болғаны дәлелденді. Елдің заңы бойынша мұндай әрекеттер үшін қылмыстық кодекстің 158 бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
Еске салайық, көрші елде кейінгі 1 айда осымен 3-ші блогер сотталып отыр. Қаңтарда мемлекеттік қызметшілер мен діни қайраткерлерді сынап, балағаттаған әлеуметтік желі қолданушысы 7 жарым жылға темір торға қамалған еді. Одан бірер күн бұрын Ташкенттіктің тағы бір тұрғыны осындай жаза арқалады.