Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бір күнде бірқатар шенеуніктерді жұмыстан шығарды. Бұл туралы өзбек президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Шавкат Мирзиеев Ташкент облысындағы кеңесте 40-тан астам салық инспекциясының басшыларын, банктердің филиалдарын басқарушыларды және аудандар, қалалар әкімшіліктерінің басшыларын, басқа да лауазымды тұлғаларды жұмыстан шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында 15 ІІБ бастығын, бес прокурорды және ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатқан еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz