Ресейлік және беларусьтік қатысушыларға рұқсат етілген жағдайда, Париждегі Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға көптеген ел қосылуы мүмкін. Бұл оны өткізуді мағынасыз етеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Егер Ресей Федерациясы мен Беларусь қатысатын болса, Париж Олимпиадасына бойкот жариялайтын елдер коалициясы 40 елге жетуі мүмкін. Бұл туралы Польшаның спорт және туризм министрі Камиль Бортничук мәлімдеді.
Министр коалицияға АҚШ, Ұлыбритания және Канада қосылуы мүмкін екенін атап өтті. Бортничук бұл - шараны өткізбеуге жеткілікті себеп болады деп санайды.
Бұған дейін Еуропалық олимпиада комитеттері ресейліктер мен беларусьтардың халықаралық турнирлерге оралуына қарсы емес деп хабарланған болатын. Олар өз ұстанымдарын ресми мәлімдемеде білдірді.
Бұған дейін ҰОК ресейліктер рұқсат алған жағдайда Украина Олимпиадаға бойкот жариялауы мүмкін деп хабарлады.