Өзбекстанда 15 жастағы жасөспірім ел астанасы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған. Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мassaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл хабарландыру әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің киберқауіпсіздік орталығы.
Жоғарыдағы хабарландыруды жариялаған 8-сынып оқушысы әзілдегенін және мұндай пікірталас тудыратынын ойламағанын айтты. Аккаунт Мирзо-Ұлықбек ауданының тұратын әкесіне тиесілі болған.
"Мен бұл жарнаманы әлеуметтік желіден көрдім. Сосын платформаға салып, қалжыңдағым келді. Бұл соншалықты кең таралып, негатив тудырады деп ойламадым. Мен қателестім жәнебұл ісіме өкінемін", – дейді 15 жастағы жасөспірім.
Ал Olx сауда платформасының бас директоры бірнеше минуттан кейін жарнаманың бұғатталғанын айтты. Ол пайдаланушылардан сенімді ақпаратты платформаға орналастыруды сұрады.
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде ата-аналарға баласын бақылауға шақырды.