Өзбекстан 19 баланың өлімінен кейін тағы бір дәрінің сатылуын тоқтатты

Өзбекстан "Амбронол" жөтелге қарсы сиробын сатуды тоқтатты. Себебі ол 19 баланың өмірін қиған "Док-1 Mакс" шығаратын үндістандық Marion Biotech өндірушісінің кезекті препараты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігі дәрі-дәрмек сатумен айналысатын көтерме сауда ұйымдарынан үнділік Marion Biotech компаниясы шығарған жөтелге қарсы "Амбронол" сиропын қайтарып алуды сұрады, деп хабарлайды Gazeta.uz.

 

Агенттікке қарасты Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының мәліметінше, Өзбекстанға әкелінген және айналымдағы AABZ2204 сериялы Амбронол шәрбаты "Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейді" деп танылды.

 

Өзбекстан Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Фармацевтика агенттігі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың зиян әсерін анықтаған кезде оларды өндіруді, әкелуді және өткізуді белгіленген тәртіппен тоқтатуды қамтамасыз етеді.

 

Осыған байланысты агенттік көтерме фармацевтикалық ұйымдардан дәрі-дәрмектің сатылуын тоқтатуды, оны дәріханалардан қайтарып алу шараларын қабылдауды, ал дәріханалардан "Амбронолды" тез арада дистрибьютор-жеткізушіге қайтаруды және қабылданған шараларды бір күнде хабарлауды сұрады.

 

Бұл - Өзбекстанда сатылуы тоқтатылған Marion Biotech компаниясының екінші препараты. Бұған дейін кем дегенде 19 баланың өліміне себеп болған Док-1 Maкс шәрбаты сатылымнан алынып тасталған болатын.

 

Үндістан билігі дәріні өндіруші Marion Biotech фармацевтикалық компаниясына қарсы іс қозғады. Препарат туралы ақпарат Quramax Medical препаратын импорттаушының сайтында бейсенбіге дейін сақталды. Сайт қазір қолжетімсіз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста