Әлеуметтік желіде Өзбекстандағы сауда орталықтарының бірінде болған оқиғаның видеосы жарияланды.
Видеода бір топ әйел бір бойжеткенді ұрып-соғып, үстіндегі киімдерін шешіп алғанын көруге болады. Белгілі болғаны, сатушы әйелдер бойжеткенді ұрлық жасады деп айыптап, өздерінше жазалаған.
Ал желі қоданушылар әйелдердің бұл әрекетіне наразылық танытқан. Олардың бірі "Өздерінің осындай қыздары, немерелері, келіндері жоқ па" деп пікір қалдырса, екіншісі "Ана қыздың ұрлығынан, мына әйелдердің қатыгездігі асып тұр" деп жазған.