Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи Юнның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін ит етін жеу дәстүріне нүкте қойдыру - оның парызы болып табылатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи елдегі ит етін жеу дәстүрін доғаруға шақырған мәлімдемелері үшін ит өсіретін фермерлердің мүдделерін танытушы топтың сынына ұшырады, деп хабарлайды SCMP.
Аталған топ Ким президент те, депутат та емес, сондықтан ол мұндай мәселелерде бейтарап болуы керек деп мәлімдеді, өйткені бірінші ханымның басты міндеті президентті қолдау болып табылады.
"Жануарлар құқығын қорғайтын топтардың жағына шыға отырып әрі ит етін жеуден бас тартуға шақыруда ол өз орнын ұмытып, саяси қызметке ұмтылуда".
Фермерлердің мәлімдемесі
Осындай даундан кейін, БАҚ-тардан белгілі болғандай, Оңтүстік Корея президентінің әйелін билеуші, сондай-ақ оппозициялық партиялар да қолдаған.
14 сәуірде билік етуші партия өкілі Тхэ Ён Хо иттер мен мысықтарды сойып, олардың етін сатуға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Бір күн бұрын Кореяның негізгі оппозициялық Демократиялық партиясының бас саясаткері Ким Мин Сок та өз партиясы ит етін жеуге тыйым салатын арнайы заңды қабылдату үшін барын салатынын мәлімдеген еді.
Бір кездері ит етін жеу адамдардың жеке таңдауына қатысты мәселе екенін айтқан Президент Юн кейінірек өз ұстанымын өзгертіп, сайлау науқаны кезінде ит етін пайдалануға тыйым салуға уәде берді.
Қазіргі Оңтүстік Кореяда қоғамның жануарларға деген көзқарасы өзгерген, көп адам итті үй жануары ретінде ұстайды, алайда елде ит өсіретін фермалар мен тамақ мәзірі ит етінен даярланатын тамақтарды қамтитын мейрамханалар әлі бар.