Бангладеште найзағай түсуі салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Сунамгандж, Маулвибазар және Силхет округтерінің түрлі ауданында қаза тапқандар туралы хабарланған.
Адам өлімі деректерінің көпшілігі жексенбі күні ауылда адамдар егістікте жұмыс істеп жатқан кезде болған.
2016 жылы Бангладеш найзағай соғуын табиғи апат деп жариялады. Соңғы бірнеше жылда бұл елде жыл сайын найзағайдан жүздеген өлімі тіркелетін болды.