Мәскеуде Путин мінетін тікұшақ құлады
Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен оның жақындарын таситын Ми-8 тікұшағы қонатын кезінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. . Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі «Диалог.Ua»-ға сілтеме жасап жазды.
Мәскеу аэропортында Ресей Федерациясының бірінші лауазым иелерін тасуға бекітілген тікұшақ құлап түсті, – делінген хабарламада.
Оқиға Мәскеудің Внуково аэропортында болған. Ресей БАҚ-тары апатты Ми-8 тікұшағының жерге «қатқыл қонғанынан» болған деп жазып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол қонар кезінде қалақшаларын жерге ұрып алған.
Жалпы, бұл әуе лайнері Ресейдің бірінші лауазымды азаматтарын тасымалдаумен айналысатын «Россия» арнайы жасағанының қарауында.
Шұғыл қызметтерге сілтеме жасаған басылымдар апат салдарынан зардап шеккендердің бар екенін де хабарлады. Алайда Президент іс басқармасындағылар ол ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олар тек тізгіндік винттің ғана зақым алғанын алға тартты.