Бішкек қаласында 1980 жылы туылған әйел адам өзін күйеуінің досы зорлағанын хабарлаған. Бұл туралы АКИpress сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға бірінші желтоқсан күні болған.
Ерлі-зайыптылар достарымен бірге ішімдік ішіпті. Тойлап болғаннан кейін олар өз бөлмелеріне барған, үй иесінің досы да үйдің сол қабатында болған екен.
Ерлі-зайыптылар ұйықтап қалған кезде әлгі жігіт досының әйелімен жыныстық қатынасқа түсіпті. Ол оянып кетіп, бірден айғайлаған. Сосын дереу полиция шақыртыпты.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалардың бәрі тағайындалған.