Пәкістанда әйелін қатты жарақаттамай ұруға рұқсат ететін заң жобасы дайындалып жатыр екен. Елдің идиология кеңесі ұсынған заң жобасында қазіргі заңды өзгерту туралы айтылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Ұсынылған заң бойынша күйеуі әйелін ұруға рұқсат береді. Ол әйел ерлі-зайыптылық жақсындасу міндетінен бас тартқан жағдайда заңды.
Заңда жазалаудан із қалмау керек деген талап бар. Ол дегеніңіз әйелдің терісі жұмсақ, із қалатын, өзгенің көзіне түсіп қалатын жерлерінен ұруға болмайды деген сөз. Әйелдің беті, көзі мұрны, басынан ұруға болмайды. Әйел қатты жарақаттанбас үшін аяқ киім, сыпырғышпен ұруға болмайды.
Бастысы: сүйек сынбауы керек, ешқандай із қалмауы міндет.
Әйелге әйел ретіндегі міндетін түсіндіру мақсатында жеңіл ұру керек.
Жаңа заң жобасында әйелді елдің көзінше сабауға рұқсат беретін жағдай бар. Ол күйеуінің қалауы бойынша жабынбаған кезде.