Кішкентай ұл-қыздардың ересектермен төсектес болуға құқығы бар – министр
Испанияның Теңдік министрі Ирене Монтероның педофилияны заңдастыру туралы мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс туғызды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл жолы ол балалардың құқығына қатысты сөз қозғаған.
Ирене Монтеро педофилияны заңдастыруға шақырып, егер бұл "өзара келісім бойынша" болса, балалардың ересектермен жыныстық қатынасқа түсуге құқығы бар екенін айтты. Министрдің айтуынша, бұл "өзін өзі танудың" бір түрі.
Балалар қалаған адамын жақсы көруге және ұнатқан адамымен өзара келісім негізінде жаныстық қатынасқа түсуге құқығы бар. Біз олардың құқықтарын мойындауымыз және шектемеуіміз керек, — деді Монтеро
Испания билігі Монтероның мәлімдемесіне қатысты әзірге ешқандай жауап қатқан жоқ. Ол өз жұмысын жалғастырып жатыр.