Канадада BА.2.86 коронавирусының қатты мутацияланған түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Канадада BА.2.86 коронавирусының қатты мутацияланған түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Канадада коронавирус инфекциясының BA.2.86 омикрондық штамының қатты мутацияланған нұсқасын жұқтырған бірінші жағдай анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап жазды.

Вирус штамын Британдық Колумбия тұрғыны жұқтырған, ол кейінгі кезде провинциядан шықпаған, деп хабарлады сейсенбіде жергілікті билік.

 

Шенеуніктердің айтуынша, Канада мен провинцияда BA.2.86 штамының пайда болуы таңғаларлық жағдай емес, себебі COVID-19 әлі де бүкіл әлемге таралып, бейімделіп жатыр. Өткен айда Данияда алғаш рет табылған BA.2.86 нұсқасы 2023 жылдың көп бөлігіндегі басым болған ХВВ.1.5 коронавирус нұсқасымен салыстырғанда вирустың негізгі бөліктерінде 35-тен астам мутацияны қамтиды.

 

АҚШ, Швейцария және Израильде де вирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайлары тіркелді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәлімдеуінше, BA.2.86 нұсқасы бұрын COVID-19 жұқтырған немесе вакцина алған адамдарда инфекция тудыруы мүмкін. Ғалымдар BA.2.86 бақылауға алынғанын, бірақ бүкіл әлемде вакциналау мен алдыңғы инфекция арқылы қалыптасқан иммундық қорғанысты ескере отырып, жаңа нұсқа ауыр дертке және өлім жағдайына әкелуі екіталай екенін мәлімдеді. Канаданың денсаулық сақтау органдары соңғы апталарда COVID жұқтыру жағдайының артқанын атап өтті.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста