Илон Маск Twitter-ге бас директор етіп итті тағайындады

Илон Маск Флоки атты иті Twitter-дің жаңа бас директоры болып тағайындалғанын хабарлады. Масктің әлеуметтік желідегі жазбасын 115 миллион адам көрген. Aikyn.kz өзінің ерекше көзқарасымен дүрбелең тудыратын кәсіпкердің жазбасы туралы хабарлайды. 

«Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!», – дейді Маск.
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын «тағайындады». Ол – Shiba Inu тұқымынан, аты – Флоки (Floki). Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Shiba Inu атауы жапон тілінен шыққан, ол тікелей аударғанда «шырпыдан жасалған ит» дегенді білдіреді. Бұл атау негізінен, осы тұқымның кішкентай мөлшеріне қатысты алынған. Shiba Inu тұқымы қасқырға ұқсас: бұралған құйрық, тік құлақ және «түлкі жағы». Олардың денесі ықшам, бітімі тығыз, оларды жаяу серуендеу немесе доп ойнау сияқты ашық ауадағы ойындарға серік етеді. Shiba Inu иттерінің көпшілігі үш түсті: қызыл, қара және қоңыр.

«Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!» деген Маск бас директордың креслосында отырған итінің фотосын жариялады. Оның айтуынша, Флоки есепке жүйрік және өзіндік басқару стилі бар. Маск үй жануарының «осы жұмысқа мінсіз» екеніне сенім білдірді.
Бұған дейін миллиардер соңғы үш айдың өте қиын болғанын, әлеуметтік желіні банкроттықтан құтқаруды өзінің басқа компанияларындағы жұмыстармен ұштастырғанын айтты. Маск сонымен қатар Twitter-дегі DAU (бір тәуліктегі бірегей қолданушылар) көрсеткішіне риза екенін мәлімдеді.

Кеше жарияланған Илонның әзіл жазбасын 115,1 миллион адам көрген, 1,1 миллион ұнайды деп белгі қойған.

Aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста