Ғалымдар да Винчидің атақты "Кеш құпиясы" картинасының жұмбағын шешті
Италиялық ғалым Марио Таддей Леонардо да Виничидің "Кеш құпиясы" атты картинасы арқылы не айтқысы келгенін тапқанын мәлімдеді. Картинаның мәдени интерпретациясы жайлы Lenta.ru шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Да Винчидің картинасындағы адамдардың төбесінде нұр жоқ. Бұл, ғалымның пікірінше, Исаның және оның жанындағы адамдардың "қасиетті" емес екенін, "қарапайым адамдар" екенін білдіреді. Осындай идеяны ғалым да Винчидің өнерін бағалаушыларға жеткізгісі келгенін айтады.
"Меніңше, Леонардо картинасында көрсетілген адамдарды қарапайым адамдар деп есептейтіндіктен әкиектерді көрсетпеген, бұл осы картинаның шын мәніндегі құпиясы", - деп мәлімдеді ғалым. Оның айтуынша, "картинада жерден тыс немесе тылсым нысан жоқ".
"Кеш құпиясы" ("Тайная вечеря") картинасы 1498-1498 жылдары Миландағы доминиканның Санта-Мария-делле-Грацие монастырінде салынған. Онда Иса пайғамбардың 12 оқушысымен кешкі ас ішіп отырғаны бейнеленген. Фрескада бейнеленген адамдардың төбесінде нұр жоқ.
Таддей да Винчидің шығармасын 15 жыл бойы зерттеген. Маман италиялық атақты суретшінің өнертабысы мен қолжазбаларына ден қояды. Ғалым да Винчиге арналған сайттың әкімшісі әрі музей маманы.
kaz.tengrinews.kz/oner/galyimdar-vinchidn-ataktyi-kesh-kupiyasyi-kartinasyinyin-271562/