Атом-электр стансасында болған апаттан бері 4 жыл өтсе де, оның тигізген кесірі тыйылмай тұр. Фукусима айналасындағы өсімдіктер мутациясы үдеп барады. Таяуда жергілікті тұрғын мутацияға ұшыраған түймедақ гүлдерін суретке түсіріп, Твиттер-парақшасына жариялапты. Артынша тәулік ішінде мыңнан аса адам бұл суретті бір біріне репост қылыпты, деп жазады informing.ru. Жапония үкіметі апаттан соң үдере көшкен 7 мың халықтың Фукусимаға қайта оралуына рұқсат еткенімен, ондағы радиациялық ахуал өмір үшін әлі өте қауіпті.
24.kz