Францияда Бастилияны басып алу күніне орайластырылған ұлттық мейрам кезінде 255 көлікті қасақана өртеу дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
100-ге жуық адам қамауға алынды.
Былтыр да мерекены атап өту барысында елде осыған ұқсас оқиғалар көп болды. 500-ге жуық автокөлікті жағып жіберіп, полицейлерге қарсы пиротехника қолданылған еді.
Сондықтан биыл қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 130 мың тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті күзетті.
Бірақ соған қарамастан бұзақылар өзгенің мүлкіне зақым келтірген.