Еуропада климаттың өзгеруіне байланысты қауіпті вирус таралуы мүмкін

Еуропада климаттың өзгеруіне байланысты қауіпті вирус таралуы мүмкін

Жоғары температура Еуропаны өлімге әкелетін қауіпті вирус Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдаушы кенелер үшін тамаша мекен етіп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап жазды.

Көбіне Балқанда, Африкада, Азияда және Таяу Шығыста жиі кездесетін кене шаққаннан өлімге әкелетін ауру көп ұзамай Еуропаға таралуы мүмкін. Ғалымдар мұндай болжамды климаттың өзгеруі жәндіктерді континент бойынша мекенін өзгертуге мәжбүр етуіне байланысты айтып отыр.

 

Сарапшылар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ықтимал өршуіне байланысты дабыл қағуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оны пандемия тудыруы мүмкін 9 «басым патоген» тізіміне енгізді.

 

Ұйымның пікірінше, бұл тізімге халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіретін аурулар кіреді.

 

Ғалымдардың ескертулері болжамды болашаққа емес, Еуропада қазір болып жатқан оқиғаларға қатысты: былтыр ғана Испанияда осы өлімге әкелетін аурудың бір жағдайы тіркелді.

 

Іс жүзінде КҚГҚ инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы 2011 жылы тіркелген. 2016 жылы Испанияда кене шаққаннан кейін осы диагнозбен ер адам қайтыс болды.

 

Жақында қауіпті вирус Ирак пен Намибияда анықталған, ал Пәкістанда одан екі адам қайтыс болды. Өткен жылы Иракта КҚГҚ өршіді: 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында онда вирус жұқтырудың 212 жағдайы тіркелген. Биыл елде 100-ге жуық тіркелген, соның 13-і өлімге әкелді.

 

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жетті.

 

Қауіпті вирус алғаш рет 1944 жылы Қырымда анықталды.

 

Оны Bunyaviridae тұқымдасына жататын Nairovirus тұқымдасының кене вирусы тудырады. Ауруға шалдығу белгілері: жоғары температура, бастың ауыруы, арқа және буынның қақсауы, іштің ауыруы, құсу. Вирустан болатын өлім деңгейі 10-нан 40%-ға дейін.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста