Тегерандағы алаңда билеген ерлі-зайыптылар он жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Билік оларды жезөкшелікке шақырды деп айыптады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
21 жастағы Астия Хагиги мен 22 жастағы Мохаммад Ахмади Ирандағы наразылық акциясын қолдап би биледі, деп жазады Mirror.
Бостандыққа шыққаннан кейін жастарға екі жыл бойы Ираннан көшуге тыйым салынды. Интернетті пайдаланып, әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салынды.
Оларға сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында алдын ала сөз байласу жасады деген айып тағылып отыр.
Ерлі-зайыптылардың адвокаттары сот шешіміне шағымданбақ. Алайда сотталғандардың отбасы мен қоғам әділдікке сенбейді.
Иранның мемлекеттік жүйесіне қарсы наразылықтар мен тәртіпсіздіктер 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында «хиджабты орынсыз киген» деген айыппен Нұсқаушы патруль ұстаған Махса Аминидің өлімі туралы хабардан кейін басталды. Желтоқсанның 8-і күні наразылық кезінде ұсталған бірінші тұтқынның өлім жазасына кесілгені белгілі болды.