Мұндай өкілеттікті Еуроодақтың Балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі орталығына бөліп беру жоспарланып отыр. Еуропалық комиссияның осы сипаттағы заң жобасы жарияланып үлгерді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Wired басылымының жазуынша, егер заң қабылданса, WhatsApp, iMessage, Signal және басқа да мессенджерлер кәмелетке толмағандар тартылған жыныстық мазмұндағы контентті іздеуге, табылған жағдайда ол туралы полицияға хабарлауға және бұл ақпаратты жоюға міндетті. Ол үшін IT алыптары арнайы техникалық құралдарды әзірлеуге мәжбүр болады.
Жаңа заң іс жүзінде пайдаланушыларды бақылауға мүмкіндік береді және көптеген мессенджерлерде қолданылатын өтпелі шифрлауды жарамсыз етеді. Құқық қорғаушылар жыныстық сипаттағы контентті іздеу жүйесі уақыт өте келе пайдаланушылардың жеке өміріне қауіп төндіретін басқа хабарламаларды да іздеуге қолдануға болатынын айтады.