Ең қымбат айфон: АҚШ аукционында ашылмаған ескі телефон $190 мыңға сатылды

Ең қымбат айфон: АҚШ аукционында ашылмаған ескі телефон $190 мыңға сатылды

АҚШ-та ең қымбат iPhone телефоны 200 мың долларға жуық сомаға сатылды., - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Әдетте iPhone бағасы дүкеннен ала салып, қосқанда немесе пошта арқылы жеткізілген құрылғыны ашқан сәтте құлдырай бастайды.

 

Ескі модельдердің әдетте еш құны жоқ, бірақ (оның иесі үшін) ерекше жағдайлар бар.

 

АҚШ-тағы аукционда жады 4 ГБ ашылмаған iPhone 190 372,80 долларға сатылды.

 

Мұндай құрылғылар көп шығарылмаған, сондықтан iPhone коллекционерлері үшін бұл - шынымен де таптырмас сирек дүние.

 

LCG Auctions фирмасы өткізген аукционда осы iPhone телефонын сатып алуға 28 өтінім берілген және ол бастапқы құнынан 400 есе жоғары бағаға сатылды.

 

Дегенмен, сатып алушы төлейтін түпкілікті сома сол заттың бағасына қосылатын әкімшілік шығындарды қамтиды. Бұлар «сатып алушының сыйақысы» деп аталады және сатушыға емес, тікелей аукцион фирмасына түседі.

 

LCG аукциондары iPhone-ды листингте «танымал сәнді бұйым» және «коллекционерлер үшін өте құнды зат» деп сипаттап, өткен жылы тағы екі ашылмаған iPhone-ның рекордтық бағаға сатылғанын айтты.

 

Бұл iPhone нарыққа алғаш шыққанда бағасы 599 доллар еді. Сирек кездесетін телефонға коллекционерлер 50 мыңнан 100 мың долларға дейін төлейді деп күтілген, бірақ нәтиже оның бәрінен асып түсті.

 

Бұл iPhone моделі алғаш рет 2007 жылы Apple-ді Стив Джобс басқарып тұрғанда жарыққа шықты.

 

Бірақ сатылымға шыққаннан кейін екі айда 4 ГБ моделі тұтынушылар арасында онша танымал болмаған соң өндірісі тез тоқтады.

 

Көп тұтынушылар телефонның 8 ГБ моделін сатып алғысы келді, өйткені үстіне бар-жоғы 100 доллар төлесең, телефон жады екі есе көбейетін еді. Сол үшін бұл түрін ешкім ала қоймады.

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста