Өзбекстан соты Жахонгир Улугмуродов есімді студентті діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, ол сыныптастарына YouTube желісіндегі нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесін жіберген.
Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент облысы Аққорған ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты 8 мамырда 21 жастағы студент Жахонгир Улугмуродовты «фанатизм идеясы сіңген» діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.
Судья Санжар Исақұлов оны Қылмыстық кодекстің 244-1-бабы 3-бөлігі «г» тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын жазаның жеңілдетілуіне байланысты үш жылға бас бостандығынан айырылды.