Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қаланың басым бөлігі су астында қалды.
Ел билігі қауіптің "сары деңгейін" жариялады.
Табиғат апаты салдарынан кемінде 2 тұрғын опат болды. 15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шықты. Ағаш-талдар құлап, адамдар қозғала алмай, әуре-сарсаңға түсті.
Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі Коннот Плейс қатты зардап шекті.
Нөсер сенбіде басталып, тоғыз сағат ішінде 125 милиметрден астам жауын-шашын жауды.
Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.