Чехияда мүгедектер үшін қызмет ететін алғашқы бес сексуалды ассисент бойжеткендер жұмыстарын бастады. Бұл туралы CzNews.Info хабарлады.
Қызметтің бұл түрін Rozkoš bez rizika (Тәуекелсіз рахатқа бөлену) ұйымы ұйымдастырып отыр. Ол осы мақсатта алғашқы бес қызды оқытып шығарыпты.
Елдің ішкі істер министрлігінің шешіміне сәйкес, мұндай ассиссент қыздар Чехия территориясында белгілі бір жағдайлар жасалған жерлерде жұмыс жасай алады. Чехияда жезөкшелікпен айналысуға заң жүзінде тікелей тыйым салынбаған.
Rozkoš bez rizika ұйымы секс-индустрия қызметшілеріне көмек көрсетумен және венерологиялық аурулардың тарап кетпеуінің алдын алумен айналысады. Ол мүгедектер үшін қызмет етуді бұдан екі жыл бұрын бастапты. Ал мүгедектерге секс қызметін көрсету бұған дейін Швейцария, Германия, Дания, Бельгия, Франция, Австрия және Нидерланд елдерінде бар көрінеді.
Чех секс-ассисент қыздары бұл үшін арнайы дайындықтан өтіп қана қоймай, арнаулы моральдық-этикалық кодекске қол қояды екен. Бойжеткендер мұнда тек секс қызметін көрсетіп қана қоймай, интимдік мәселелер бойынша кеңес бере де алады. Олардың бір сағаттық «секс көмегі» 1200 крон тұрады.
ras.kz