Чеxия президенті Милош Земан прагалық Frekvence-1 радиоарнасына берген сұхбатында өзінің компьютеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Бір жыл бұрын белгісіз біреулер оның компьютерінің қорғанысын бұзып, балалар порнографиясын жүктеген, - деп хабарлайды L!FE. Земанның айтуынша, ол компьютеріне шабуыл жасалғанын біліп, осындай қадамға кімдердің барғанын анықтау үшін мамандарды шақырған. Компьютер қорғанысының мамандары кибершабуылдарды АҚШ-тың Алабама штатынан жасалғанын анықтады. Оларды жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған. Чехия президенті хакерлердің негізгі тұрған жерін жасыру үшін прокси-серверлерді пайдаланған болуы ықтимал екенін айтады.