Италияның солтүстік-шығысында көлемі бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Салдарынан 110 адам жараланды.
Билік аймақта төтенше жағдай жариялауға мәжбүр.
Жарақат алғандардың көбіне опырылаған ағаштар мен көліктің сынған терезелерінің ұшқыны тиген.
Төтенше жағдай қызметіне көмек сұрап, 500-ден астам хабарласқан.
Айта кетейік, биыл Еуропада күн райы қатты құбылып тұр.
Италия, Испания мен Грекияда бірнеше күннен бері аптап ыстық.
Италияда 23 қалада қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланған. Римде температура бағаны 41 градусқа жетті.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz