Балаларды әдейі улаған балабақша тәрбиешісі дарға асылды

Балаларды әдейі улаған балабақша тәрбиешісі дарға асылды

Хэнань провинциясы Цзяоцзо қаласының орта деңгейлі халық соты 25 баланы натрий нитратымен қасақана уландырған бұрынғы балабақша тәрбиешісінің дарға асылғанын растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазды.

«Пэнпай» басылымының хабарлауынша, 2019 жылы наурызда Цзяоцзо қаласындағы балабақшалардың бірінде балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген. Полиция тергеуден кейін анықталғандай, тәрбиеші Ван Юнь балалардың таңғы асына натрий нитратын қосқан. 25 бала зардап шегіп, олардың бірі 10 ай ем қабылдағаннан кейін көз жұмған.

 

Оның қылмысқа баруына балабақшадағы әріптестерінің бірімен туындаған жанжал түрткі болған.

 

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ата-аналар бұрынғы тәрбиешінің кешірімін қабылдамаған. Сондай-ақ, тергеу барысында тәрбиеші балаларды ойламағанын, әріптесінен кек алмақшы болғанын мойындаған.

 

Тергеушілер 2017 жылы әйелдің күйеуімен тұрмыстық жанжал кезінде оның сусынына натрий нитратын қосқанын анықтады. Салдарынан күйеуі орта деңгейде уланған.

 

Улаушы 13 шілдеде дарға асылды.

 

Еске салайық, таяуда Қытайдың Гуандун провинциясында балабақшаға ер адам пышақпен шабуылдаған. Алты адам қаза тапты.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста