Канаданың Саммерсайд қаласының тұрғыны өз көлігін табамын деп биіктігі 177 cм болатын үңгір қазып тастапты.
Бұл өңірге қардың тым көп жауғанын да аңғартса керек-ті, деп жазады epochtimes.ru сайты. Үңгірдің ұзындығы да бірнеше метрге созылған.
Марсель Ландри:
- Қазу жұмыстары ұзақ жүрді. Әйтеуір көлігімді таптым.
Марсельдің айтуынша, үңгір қазу оның ойына да кіріп-шықпапты. Тек автокөлігінің қай жерде тұрғанын білуді мақсат тұтқан.
Авторы: М.Асылбек