Ауған патшасына келін болған қазақ әжей АҚШ-тың қарттар үйінде тұрып жатыр (фото, видео)

Өткен жүз жылдықтың 30-шы жылдарында Шу ауылынан АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған 101 жастағы Әсия Сардарбек бүгінде Вирджиния штатындағы қарттар үйінде тұрып жатыр. Бұрынғыша қазақ тілінде сөйлейтін әже туған жерін сағынып жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Алматы" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсия Сардарбектің Вирджинияда тұрып жатқанына қырық жылдан асты. Ол әкесімен бірге Кеңес билігінің қудалауымен елден кетуге мәжбүр болған. Кейуана әкесі Сардарбектің Шу ауылында бай әрі беделді адам болғанын есіне алды. Алайда коммунистер ауыл тұрғындарына жетіп келіп, олардың өмірінің астан-кестеңін шығарған. Аман қалу үшін шетел асқан Сардарбектің отбасына талай қиындықтарды еңсеруге тура келеді.

«Бастапқыда біз Түркістанға, кейін Ауғанстанға дейін бір-ақ жеттік. Сол жерде тұрақтап, әкем мені тұрмысқа берді», - деп есіне алды Әсия Сардарбек.

15 жастағы Әсияға хандық ұрпақтан шыққан өкілдер Надир мен Захир-шахтың көзі түскен. Сардарбек қызын ауған патшасы Захирдің мұрагері Әмір Мұхамедке тұрмысқа беруге мәжбүр болған.

«Анам он баланы дүниеге әкелді. Алайда бүгінде тек бесеуі тірі. Ол кезде жақсы тұратынбыз. Қызметшіміз болды... Анамды бәрі мейірімділігі үшін жақсы көретін. Бірақ бір күні елге кеңес әскері баса көктеді. Біз 13 адам болып Ауғанстаннан қашуға мәжбүр болдық", - деп оқиғаны баяндады Әсия Сардарбектің қызы Амина Амири Рахман.

1982 жылы патшаның отбасы мүшелері Әсия апамен бірге алдымен Түркияға, кейін Германия арқылы АҚШ-қа қашқан. Бүгінде Әсия Сардарбек Вирджиния штатының қарттар үйінде тұрады. Себебі, оған ерекше күтім қажет. Жергілікті билік оған құрмет көрсетіп, пәтер мен күтуші беріпті.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста