Мұнда таяуда зиянды заты бар жүк пойызы рельстен шығып, апатқа ұшыраған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір өңірде төтенше жағдай енгізілді. Жақын маңдағы елді мекендерден де тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде.
Соңғы деректерге қарасақ, жүк пойызында винилхлорид деген қауіпті зат болған. Апат салдарынан препараттар жан-жаққа шашылып, оқиға орнында өрт басталған.
Мамандардың сөзінше, бұл қоршаған ортаға аса қауіпті.
Қазір штатта темір жол қатынасы тоқтап тұр.