Анасын атып тастап, өзін зорлаған: Қазақстандық азамат Украинадағы жантүршігерлік оқиғаны баяндады
Тәртіп сақшылары мен құқық қорғаушылар Украина аумағында Ресей әскери күштерінен зорланғандар оқиғаларын тіркеді. Олардың бірі Киев облысының Ворзел ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі 24 каналға сілтеме жасап.
Олардың бірі туралы оккупацияланған аумақтан адамдарды құтқарған Қазақстан азаматы Константин Кястутисович айтып берді.
Константин Кястутисович бір ай бойы адамдарды Ресей әскерлері басып алған Ворзелден құтқарған. Аудандардың бірінде ресейлік іскер шоғырланған көрінеді. Онда басқыншылар қару жарақтарымен бірге өмір сүрген. Ол жерден талай рет көмек қолын созу туралы көптеген өтініштер келіп түскен. Әйтсе де, тұрғындарға эвакуациялауға рұқсат етілмепті.
Ер адам тұрғындарды яғни әйелдер, балалар, қарттарды тірі қалқан сияқты пайдаланғанын айтады. Халық тамақсыз өмір сүргендіктен азамат сол жердегілерге гуманитарлық көмек апаруға шешім қабылдайды.
"Пәтеріме пана іздегендердің бәрін кіргізер едім": Германияда тұратын қазақстандықтар украиналық босқындарға көмек қолын созды
"Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар": СІМ ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне пікір білдірді
“Мен келіп, багаждан азық-түлік өнімдерін шығара бастадым. Осы кезде бір қыз багажға кіріп кеткен екен. Мен оны көрмей қалыппын. Кетіп бара жатқанда ғана көліктің орындықтарының арасында тығылған қыз бар екенін көрдім. Көзіне қарағанымда жай ғана "мені құтқаршы" деп тұрды. Мен үлкен қорқынышты бастан өткердім. Өйткені мен бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім және оны іздеп қалады деп уайымдадым”, - деп еске алады ер адам.
Кястутисовичтің айтуынша, 15 жастағы қыз украиналық блокпостқа дейін жатып, тіпті басын көтермеген. Кейіннен ол зорланғанын және қорланғанын айтты. Оның көзінше 14 жастағы баланы өлтіріп, анасын атып тастапты. Әйел екі күн бойы қансырап, ақыры көз жұмады. Қыздың өзі жертөледе он күн отырған.
“Қыз маған осы оқиғаны айтқан кезде, екі күн бойы ұйықтамадым. Келесі күні Ворзельге бармадым, жай ғана көзімнен жас кетпеді. 21 ғасырда адамдар мұны жасай алады дегенге сене алмадым. Оны мазақ етіп, қорлағандар 20 жастағы орыс жігіттері еді. Олар ішкен, қызды зорлаған, кейін әрекеттерін телефонға түсірген. Олар іс жүзінде Украинаға деген жеккөрушілікті, осы 15 жасар қыз арқылы көрсетті”, - дейді ол.
Қазіргі уақытта қыз Латвияға жіберілген. Ол жерде оңалтудан өтуде.