Америкалықтар секс үшін ең ерекше орындарды атады
Америкалық Vice журналы өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, жыныстық қатынасқа түскен ең ерекше орындарын сұрапты. Анықталғандай, АҚШ тұрғындарының көбі далада, яғни табиғат аясында секспен айналысқанды ұнатады екен.
Мәселен, сауалнамаға қатысқан қыздардың бірі көшедегі қаңғыбаспен жыныстық қатынасқа түскенін жасырмайды. "Даладан өзге барар жеріміз болмады, өйткені оның үйі жоқ еді" дейді ол. Десе де, бойжеткенге бұл ұнаған көрінеді. Ал, өзге респондент "табиғаттағы секс жақсы, бірақ кедергілері көп" деп, ләззат алуына масалардың кедергі келтіргенін жазыпты.
Сондай-ақ, 35 жастағы Марго есімді әйел егістік алқабындағы "жатпланеталық" шеңбер ішінде махаббатпен айналысқанын айтса, 37 жастағы Лекс есімді ер азамат өзінің сүйіктісімен алма бағында болған жыныстық қатынасты ешқашан естен шығармаймын деп жауап берген.
Ал, адреналин іздеген америкалықтар секс үшін қоғамдық орындарды дұрыс деп санайды. Айтуларынша, олардың бірі балалар алаңшасындағы ойын құбырының ішінде, екіншісі сауда үйіндегі Санта-Клаустың креслосында, тағы басқасы кітапхана алдындағы көгалда, тіпті, аквапаркте де жұрттан тығылып жыныстық қатынасқа түсуді шебер меңгерген екен.