Алматыда жер сілкінісі қаупі төніп тұр ма? Сейсмолог мамандар жауап берді

Алматыда сейсмикалық қауіпті бағалаудың жаңа әдістері әзірленуде. Бүгін түрлі елдердің ғалымдары мен мамандары мегаполисті жер сілкінісінен қалай қорғау керектігін талқылап, құрылыс салушыларға заманауи ғимараттар салудағы еске ұстайтын жағдайларды баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

100 жылда бір рет Алматы аумағында қатты жер сілкінісі болып тұрады. Бұл уақыт таяп қалды десе де болады. Мұндай мәлімдемелер жиі айтылып, қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Сейсмология институтының директоры алматылықтар үрейленбеуі керек деп санайды. 

"Алматы мен республикамыздың тұрғындарын жақын болашақта күшті және жойқын жер сілкіністері күтілмейді деп сендіре аламын", – дейді Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев. 

"Жер сілкінісі қашан болатыны туралы мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Бұл мәселе жалпы әлемдік проблема қатарына жатады. Бірақ қауіпсіз ғимараттар мен құрылыстар салу құрылысшылардың, сондай-ақ осы мәселелерді жоспарлушылардың құзыретіне жатады", – дейді техника ғылымдарының докторы, сейсмолог Таңатқан Абақанов.  

Таңатқан Абаканов құрылыс салмастан бұрын мамандарға жүгінуге кеңес береді. Әсіресе қазір Алматыда жаңбыр жауғаннан кейін саңырауқұлақтардың көбейетіні сияқты, үйлер де көбейіп жатқанын айтты. Бірақ сейсмологтардың пікірлері естілмей, еленбей, дейді ол. 

"Кеңес заманында биік ғимараттарға тыйым салынды. Үш қабатқа дейін салынатын. Содан кейін оны Қазақстан қонақ үйін салғанда, бес қабатқа дейін көтерді. Ал қазір бәрі шектен шығып жатыр. Сапасы өте төмен. Сіздер қалай салынғанын көріп жүрсіздер. Үйлердің арасының бәрі көлік, орын жоқ”, – дейді эколог Меліс Елеусізов. 

Алматыдағы 25 қабатты "Қазақстан" қонақ үйі – мегополистегі ең сейсмикалық төзімді ғимарат. Мамандар құрылысты арнайы техниканың көмегімен сынап, 9 баллға дейін шайқап көрген болатын. 

Жойқын жер сілкінісінен аман қалудың көптеген жолдары бар, олардың бірін алматылық Сергей Старков ойлап тапты. Шкафтың өлшеміндегі металл жақтау көп тонналық плиталарға төтеп бере алады, ішінде су мен тамақ бар.

"Балабақшаларда жер сілкінісі кезінде не істеу керек. Бірінші балаларды ояту, киіндіру және сыртқа шығару қажет. Сіз екі-үш жастағы балаларды оятудың өзі қанша уақыт алатынын ойлап көріңізші. Жер сілкінісі бірнеше секундты алады. Сондықтан мен төсек-орындарын берік етіп жасауды ойладым. Яғни, үстін жоғары жақтан жабатын зат керек. Сонда бүлдіршіндерді ешнәрсе басып қалмайтын болады”, – дейді өнертапқыш Сергей Старков. 

Өнертапқыш өзінің құтқару модулін енгізуді ұсынған жердің бәрі одан бас тартқан. Себебі, ақша жоқ. Бірақ ең бастысы – жағдайды бақылау, дейді сарапшылар.

"Сейсмология институтының мамандары 24-тен 7-ге дейінгі режимде Қазақстан Республикасы аумағындағы сейсмологиялық жағдайды мониторингтен өткізіп, жұмыс жүргізуде. Біздің мамандарымыздың ықтималды болжамды қорытындылары апта сайын дайындалады, олар барлық  органдарға жіберіледі", – дейді Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста