Қытайда әлемдегі ең ірі «Үш шатқал» электр станциясының бөгетіне құлау қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап жазды.
Бөгет Янцзы өзенінің бойында орналасқан және әлемдік гидроэнергетика тарихындағы ең қымбаты саналады.
Су деңгейі қазірдің өзінде сыни белгіден жоғары көтерілген. Спутниктік суреттерден құрылымның деформациясын көруге болады. Бұған толассыз жауған жаңбыр себеп.
Айта кетсек, биыл Қытайда соңғы 140 жылдағы рекордтық жауын-шашын түскен. Соның салдарынан 15 адам су тасқынының құрбаны болды. Бөгет құласа, 400 миллионнан астам адам зардап шегеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz