Әлемде 800 миллионнан астам адам аш-жалаңаш күн кешуде

Әлемде 800 млн-нан астам адам жоқшылықтың зардабын тартып, аш-жалаңаш күн кешуде, - делінген Мыңжылдық даму мақсаттарын орындау туралы қорытынды баяндамада.

2000 жылы БҰҰ қабылдаған мыңжылдық декларациясы 2015 жылға дейін іске асырылуы тиіс сегіз мақсатты белгілейді. Олардың ішінде кедейлік пен аштықты жою, бастапқы біліммен қамтамасыз ету, әйелдердің білім алуға, саясатқа қолжетімділігі, бала өлім-жітімін қысқарту, ана денсаулығын жақсарту мен АИТБ (ВИЧ) және безгекпен күрес бар.

Бағдарламаның қабылданғанына 15 жыл болғанына қарамастан, бұл проблемадан бүгінде әлемде миллиондаған адамдар зардап шегуде, деп жазады Утро.ru.

«1990 жылы дамушы елдер халқының жартысына жуығы күніне 1, 25 долларға күнелтті. Бүгінде жоқшылықпен өмір сүретін адамдардың саны екі еседей азайды (1990 жылғы 1,9 миллиардтан 2015 жылы 836 миллионға дейін)», - делінген баяндамада.

АИТБ жаңа жұқтырғандар саны соңғы 15 жылда 40 пайызға төмендеді (3,5 миллионнан 2,1 миллионға дейін). Безгек жұқтырған 6 млн-нан астам адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі туды (Сахара оңтүстігіне қарай Қара Африка елдерінде негізінен 5 жасқа дейінгі балалар).

«Жаһандық безгек деңгейі 37 пайызға төмендеді, өлім-жітім екі еседен артық қысқарды», - деп атап өтілген құжатта. Туберкулезден өлім-жітім 45 пайызға қысқарды. 2000 жылдан бастап ауруды анықтау, емдеу нәтижесінде 37 миллион адамның өмірі құтқарылды.

Бүгінде бастауыш сынып жасындағы 57 млн-ға жуық бала мектепке бара алмауда. 10 жыл бұрын, есепке сәйкес, бұл көрсеткіш 100 миллионды құраған. Бұл ретте әйелдердің білім алудағы елеулі табыстары атап өтіледі. «174 қаралған мемлекеттердің ішінен 90 пайыз елде қыздар мектепке барып, әйелдер парламенттік өкілдік алған», - деп атап өтіледі құжатта.

БҰҰ бас хатшысының кеңесшісі, экономист Джеффери Сакс: «Әлем байлыққа толы болса да, кедей адамдар азаяр емес, өмірде мүмкін емес деген ештеңе жоқ», - деп мәлімдеді, БҰҰ-да сөз сөйлеген кезде.

«Мәселе, ханымдар мен мырзалар, біздің бей-жайлығымызда. Біз нарық, жарнама, жеке мүдде, дүниеқоңыздықтың шеңберінен шыға алмаймыз. Бұл өте қауіпті», - деді ол.

Ол 5 жасқа дейінгі балалар арасында өлім-жітімнің азайғанын атап өтіп, МДМ табысына да тоқталып өтті. «50 пайызға қысқарту - жақсы нәтиже. Алайда 6 миллион бала көз жұмды. Себебі олардың өмірін сақтап қалу үшін тиісті дәрежеде ден қоя білмедік», - деп мәлімдеді ол.

kaz.gazeta.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста