Пәкістанда әйелінің рұқсатынсыз үйленген ер адам жарты жылға қамауға алынды. Сонымен қатар, оған 2000 доллар айыппұл төлеу жүктелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі news.am-ге сілтеме жасап.
Айша Бибі сотқа күйеуі Шахзад Сакиб оның рұқсатын алмастан, екінші рет үйленгені туралы шағымданған.
«Бірінші әйелінің рұқсатын алмастан үйлену – бұл заңбұзушылық», - деген ол.
Ал ер адам болса сотта бірінші әйелінің рұқсатына мұқтаж емес екенін, дін оның төрт әйел алуға рұқсат ететінін алға тартқан.
Сот екінші әйел алған Шахзад Сакибтың шариғат талаптарына сәйкес төрт әйел алуға болады дегенін құптамай, оны жарты жылға қамауға алды.