Әлеуметтік желілерде басқа еркектерге жыныстық мәндегі фотолар жіберді деп әйелінен күдіктенген еркек, Нью-Йорк көшесінде оны жалаңаш жүруге мәжбүр еткен. Әйелдің есімі белгісіз. Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.
Бейнежазбада көрсетілгендей, әйел алғашында көшеде сүлгі жамылып бара жатады. Содан соң ролик авторы: “Шеш мынаны, сенің ұятқа қалғаныңды бәрі көруі керек” деп айқайлайды. Жалаңаш әйел автотұрақта тұрған көліктердің жанына барып, ұятты жерін жабуға тырысқан.
Ролик интернетте 270 мың көрілім жинаған. Пікір қалдырушылардың көпшілігі еркектің бұл әрекетін тым қатаң әрі ақылға сыйымсыз деп бағалаған.