Мысырда көгілдір экран арқылы патриоттарды жыртық немесе тар джинсы киген қыз-келіншектерді зорлауға шақырған адвокат түрмеге жабылды.
Ол бағдарламада «жыртық және тар джинсы киген қыздарды зорлау мысырлық еркектердің борышы» деген. Мысыр соты оның бұл мәлімдемесі үшін үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үлкен жанжалға себеп болған оқиға 2017 жылғы қазан айының соңында болған. Адвокат зорлық құрбандарының «кінәсі» деген тақырыпта ой бөлісуге келген. Оның ойынша әйелдер ашық-шашық киіну арқылы еркектерді өздері құртады екен.
Әл-Вахша бұған дейін де бірнеше дауға іліккен еді. Ол имаммен бір бағдарламаға қатысқан. Имам өз кезегінде қыз-келіншектерге өз еркінсіз хиджаб кигізуге болмайтынын айтып, ішімдік тұтынуға салынған тыйымның күшін жоюға қарсы шыққан болатын.
Имамның бұл сөздері адвокаттың ашуын келтіргені сонша ол студияда аяқ киімін шешіп алып, имамды төмпештей жөнелген еді.
2009 жылы әл-Вахша мысырлық азаматтардың Израиль қыздарымен некелесуіне тыйым салынуына қол жеткізген болатын.