Канаданың Оттава қаласында 15 жастағы Дженифер Моррисон мен оның 14 жастағы жігіті Джейден Лавендер жақында нәрестелі болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesatellite.com.au сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар үш күн бұрын дүние есігін ашқан сәбиіне Ария Джейд деген есім беріп, оны перзентханадан алып кетті. Жеткіншектер нәрестесін құшақтап, емханадан бірге шыққан.
«Бұл Джейден мен әлемдегі ең сұлу қыз Ария Джейд Таня Лаванда. Оныншы сәуірде дүниеге келген қызымды және оның әкесін қатты жақсы көремін", - деп жазған Дженифер желі парақшасында.
Полицейлер ата-ана атанған жеткіншектердің бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ата-анасы жеткіншектердің нәрестелі болғанын білгенімен, балаларының қайда кетіп қалғанынан бейхабар.