«Жасыл» инвестицияны жарыққа шығарудың жолы қайсы?

«Жасыл» инвестицияны жарыққа шығарудың жолы қайсы?

«Жасыл» экономика бүкіл әлемді мойындатқан, адамзат дамуының ендігі стратегиясын айқындаған дүниежүзілік бағдарламаға айналды. Қазір әлем экономикасының барлық саласы «жасыл» экономика қағидасына бейімделудің жолын іздеп жатыр.

Жалғыз экономика емес, саясат, қаржы жүйесі, энергетика, атом саласы – бәрі, бәрі «жасыл» философиясын меңгеруге кірісті. Бірақ, ол оңайға түспей тұр. Өйткені, «жасыл» экономика инновацияны, мол қаржы капиталын, ғылыми ізденісті, жаңа технологиялық шешімдерді, ең бастысы барлық адамның санасында «жасыл төңкеріс» жасауды талап етіп отыр. Онсыз бұл салада жетістікке жету мүмкін емес. Өйткені, жасыл энергия өндіру қымбатқа түсіп тұр. Дегенмен де бүкіл әлем осы қиындықты жеңуге ұмтылыс жасап жатыр. Қазақстан да ол үрдістен кенде қалмақ емес. Жоспарымыз үлкен біздің. Қазіргі таңда «жасыл» энергияны өндіру 1,3 пайыз ғана. 2030 жылға қарай оны 10 пайызға жеткізсек дейміз. Ал, 2050 жылға қарай жаңартылған көздерден алатын энергия үлесін 50 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Жоспар жақсы болғанмен оған жетер жол да оңайға түспейтін түрі бар. Басты кедергі – «жасыл» инвестиция мәселесі. Қазір әлемде «жасыл» инвестиция тартудың бірнеше: «жасыл» облигация шығару, түрлі инвестициялық қорлар құру, мемлекеттің тікелей қаржыландыруы, субсидияланған банк несиелері деген сияқты түрлері бар.

Алдымен инвестиция мәселесіне тоқталайық. Инвестор – қаржыгер, ол жобаға салған қаржысынан ертең пайда табуды көздейді. Инвесторлардың «жасыл» экономикаға пәлендей ықлас танытпай отырғаны түсінікті. Себебі, көмір жағып энергия өндіру - «жасыл» технология беретін қуаттан әлдеқайда арзан, әрі қарапайым. Нарық жүйесі арзанды қалайтынын білеміз. Олай болса, нарық таразысына екеуі қатар түсе алмайды. Әрине, одан шығатын бір жол бар. Ол: электр энергиясы тарифін көтеру. Бұл жылу электр стансалары үшін де пайдалы болар еді. Бұл жаңартылған энергия көздерінің қымбат энергиясын сатуға да мүмкіндік туғызады. Бірақ, мұндай тәсілдің әлеуметтік салдарын жоққа шығаруға болмайды. Энергия тарифінің қымбаттауы тұтынушылар тарапынан наразылық туғызуы мүмкін.

«Жасыл» инвестицияның тағы бір түрі – облигация шығару. Облигация – бағасы бар құнды қағаз. 2014 жылы француздың энергетикалық компаниясы 2,5 миллиард доллардың «жасыл» облигациясын шығарды. Одан кейін Тойота іске кірісіп, өзінің электромоильдерін сату жобасын жасады. 2016 жылы Польша темір жол шаруашылығын «жасылдандыруға» 750 миллон евроның облигациясын шығарды. Дәл қазір «жасыл» қаржыландыру бойынша ешкім Қытай Халық Республикасының алдына түсе алмай тұр. Олар 23 миллиард доллардың облигациясын шығарып үлгеріпті. Ендігі кезек Қазақстанға келіп тұр.

Алдымен облигация неге сонша тартымды деген сұраққа тоқталайық. «Облигацияның несиеге қарағанда біраз артықшылықтары бар: оны жабу мерзімі ұзақ, инвесторлық бағыты кең, яғни банктерден ғана емес, қаржы институттарынан да уақытша қарыз алуға болады. Ең бастысы – ешқандай кепілдік қоюдың қажеті жоқ. Сондықтан бұл ыңғайлы қаржы құралы» дейді Астана Халықаралық Қаржы Орталығының маманы Шынар Алдажұманова. Қазақстан Республикасының да «жасыл» облигация шығару туралы ойланып отырғанына біраз болды. Міне, енді осы мәселені жіті қолға алып, «жасыл» облигация шығаруға әзірленіп жатыр. Астана Халықаралық Қаржы Орталығының құрылуы бұл іске тың серпіліс беруі керек. Орталық «жасыл» экономика мәселесімен айналысып жатқан энергокомпаниялардың облигация шығаруына жан-жақты жәрдем беруге әзір. Қазір оны көздеп отырған компаниялар да жоқ емес. Бірақ, ол қашан және қалай жүзеге асады, ол жағы әзірге белгісіз. Әрине, «жасыл» жобаларды қаржыландырудың жалғыз және ең дұрыс жолы - осы «жасыл» облигация шығару деген тұжырым жоқ. Себебі, облигация да қаржы құралы. Ол тарап кеткен соң нақты «жасыл» мақсатқа жұмсалып жатыр ма, жоқ па, оны қадағалап отыру да оңай емес. Ондай мониторинг жүргізетін жүйе қалыптасты ма, ол жағын айту да қиын. Бәлкім, осындай кедергілер Қазақстандық «жасыл» облигацияның жолын тежеп келе жатқан болуы мүмкін. Осы орайда «жасыл» экономиканы қаржыландырудың тағы бір қытайлық әдісіне назар аударған жөн сияқты.

Қытайдың орталық банкі әр тоқсан сайын басқа банктерден «жасыл» қаржыландыруға байланысты ақпар жинайды екен. Сонымен қатар банктер өздері қаржыландырып отырған жобалардың экологиялық және экономикалық тиімділігі жөнінде есеп беруге тиіс көрінеді. Осылайша, банктер жобаларды қаржыландыру ғана емес, оның іске қосылған кездегі жағдайының бүге-шегесіне дейін қадағалап отырады дейді осы саладағы қаржы сарапшысы. Оның айтуынша, «жасыл» қаржыландыру қазір банктердің жағдайын қадағалау критерийлерінің қатарына қосылған. Яғни, «жасыл» бағасы көп болса, банктің мемлекеттен алатын қаржысының пайызы азая береді. Сонымен қатар, көмірсутекті компанияларды қаржыландыру ісі тіпті қатты бақылауға түседі екен. Ондай компанияларды қаржыландыру көлеміне, не болмаса банктің несие портфеліне нақты шек бекітіледі. Әр жыл сайын ол шек қысқарып отырады. Оны орындамаса, айыппұл төлейді. Яғни, жылу электр стансасының құрылысын қаржыландыратын банк таза мемлекеттің пайдасына ғана жұмыс істейді. Ал, «Жасыл» ұпайы көп банктер жаңа өнім мен өндіріске қаржы жұмсай береді. Осылайша, банктер «жасыл» қаржыландыруды қуалай отырып, тұтынушылардың «жасыл» тоңазытқышын несиелеуге дейін жетеді. Осындай қатқыл талап қоя отырып, Қытай «жасылдандыру» бойынша әлемге үлгі көрсетіп отыр. Бұл мәселе қазір әлемдегі АБР, ЕБРР сияқты аса ірі қаржы инститтуттарын ойландырып қойды. Болашақта олардың да несие портфелінде осындай «жасыл» талап пайда болуы әбден мүмкін. Бұл біздің елдегі қаржы институттарына да қозғау салуы керек. Күн энергетикасы бойынша Қазақстан ассоциациясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапеновтың айтуынша, Қазақстандағы жаңартылған энергия көздерінің ұзақмерзімдік қаржыландыруға қолы жетпей отыр. «Дамыған елдерде «Жасыл» жобаларды ұзақмерзімдік 1-3 пайызбен қаржыландырады. Ал, біздегі несие 10 пайыз болып отыр» дейді сарапшы. Кейінгі кездері осы сала мамандары тағы бір ерекше ұсыныс айтып жүр: Банктер несие берсін мейлі. Оның пайызын мемлекеттің субсидиясымен жауып отырса, өте дұрыс механизм болар еді дейді. Бұл ұсыныстың айтылып жүргені бір бүгін емес. Басты мәселе– «жасыл» инвестицияға жол ашудың барлық механизмдерін сараптау және уақыт өткізбей іске қосуда болып отыр. Өйткені, «жасыл» инвестиция саласында біз көш кейін қалып қойдық.

 

Серік Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста