Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділігі артты

Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділігі артты

Түркістан облысы бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейі 11,2% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

2020 жылы 93 кәсіпорын инновацияларға ие болды. Өнімдік, процестік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 11,2%, соның ішінде өнімдік және процестік инновациялар бойынша 11,1% құрады.

"Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш ірі кәсіпорындар арасында байқалып 48% құрады. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 7,6% өсіп 14847,6 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.


Өткізілген инновациялық өнім 11633,7 млн теңге болды. Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда, 4 есеге көбейіп, 17997,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 4219,9 млн теңгені құрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста