ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРҚЫ «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГЕТИКАҒА ЖАҚЫН ҚАЛДЫ

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРҚЫ «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГЕТИКАҒА ЖАҚЫН ҚАЛДЫ

«Жасыл экономика» мәселесі бұл күндері әлем дамуының басты
қағидасына айналды. Дамыған елдерде кез-келген экономикалық жобаны ең алдымен табиғатқа тигізетін зияны, энергия үнемі мен энерготиімділік тұрғысынан бағалайды.

Қазақстан мемлекеті де «жасыл экономика» бағытын 2013 жылдан бастап жоспарлы түрде қолға алды. Соның арқасында «жасыл экономика» бағыты бойынша Орталық Азиядағы жетекші роль қазір Қазақстан еншісінде. Осыған сай былтырғы жылдың соңында Самарқанд қаласында өткен Түрік елдері ұйымы басшыларының саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік жасыл қаржыгерлерінің Кеңесін құру туралы ұсыныс жасады. «Тек қана соңғы жеті жылдың ішінде әлем елдері «жасыл» облигацияға 2,5 триллион доллар қаржы жұмсады. Осы саладағы қаржы нарқын кеңейту мақсатында, әлемдік компаниялар арасындағы тәжірибесі мен абыройын ескере отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жасыл қаржыгерлер Орталығының негізінде Түрік жасыл қаржыгерлерінің Кеңесін құруды ұсынамын. Оның үстіне АХҚО осы Кеңестің Хатшылығы міндетін жүктеуге болады» деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Президент «жасыл экономиканың» негізгі бағыт ретіндегі маңызына тоқталды.

Табиғат райының өзгеруі көптеген күрделі мәселелер туғызып отырғаны адамзат баласын алаңдатып қойды. Бұл құбылыстың экологиялық салдары Түрік Мемлекеттері Ұйымы мүшелерінің дамуын тежеп отырғаны белгілі деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жасыл экономика – күрделі сала. Жаңғырмалы энергия көздерін дамыту
үшін ғылым мен технологияның жаңалықтары керек. Сондықтан да әзірше «жасыл» энергетика кәдімгі су, жылу, көмір қуаттарына қарағанда әжептәуір қымбат. Оның үстіне табиғи құбылыстар, күн сәулесі мен жел екпіні өзгеріп тұрады. Соған байланысты олардан энергия өндіру де тұрақты бола алмайды. Оны тұрақтандырып реттеп отыратын қондырғылар шығару қажет. Қымбат энергия саласына қаржы салу да оңай емес. Бұрын оған ықтиярлар тіпті аз еді. Бірақ, дамыған елдер қазір «жасыл» энергетикаға қаржы жұмсайтындарды қолдау механизмдерін енгізіп жатыр. Ол шаралардың тиімділігі сонша, қазір бұл салаға инвестиция жасайтындар саны ұлғайып келеді. Дегенмен де қор биржасы, құнды қағаздар нарқы әлі икемделе алмай отыр. Өйткені, қор биржасындағы механизм түсінікті - кәдімгі сауда жүйесі. Оған «жасыл» энергетикаға байланысты жеңілдік механизмдерін қосу қиын. Ал «жасыл» экономика әлемнің басты трендіне айналды. Болашақта барлық энергетика саласын осыған жеткізуге ұмтылыс жасалып жатыр. Олай болса құнды қағаздар нарқы да оған бейімделуге тиіс. Әрине, бұл мәселенің тиімділігіне ең алдымен бизнес саласының көзін
жеткізу қажет. Оның жолы – бизнеске жақын механизмдер құру. Сондай
ізденістің бірі – ESG қағидасы. Оны былай түсінуге болады:E  (environment) – экология, S (social) –жоғары әлеуметтік жауапкершілік, G (governance) – жоғары сапалы әлеуметтік басқару. Енді бизнес өкілдерін кеңінен қамтып, осы ESG қағидасының пайдасын барынша насихаттау қажеттігі туды.

Таяуда Алматыда өткен «ESG – нарығын  дамытудың жаңа ережесі» атты
конференцияның көздегені осы мақсат. Қазақстан қор биржасы (КАСЕ)
басқармасының төрағасы Алина Алдамбергеннің айтуына қарағанда, ESG
қағидалары мен талаптарына сай келетін жобаларға ықтияры ауған
инвесторлардың саны күн санап өсіп келеді екен. Өткен жылдың үшінші
тоқсанында ESG қарыздары мен өтпелі облигациясының көлемі әлем
бойынша 3,5 триллион долларға жеткен. Қазақстанда тұрақты даму мен ESG ережелерін енгізуге күш салу- стратегиялық міндетке айналып отыр. Биржа осы ережелерді Қазақстанның қор нарығына сатылап енгізіп жатыр. Бұл Қазақстан қор биржасының БҰҰ «Тұрақты биржа» бастамасына әлдеқашан қосылғанының бір белгісі дейді маман. Ал БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы субаймақтық офисінің Орталық Азия бойынша жетекшісі Айдай Құрманованың айтуынша, ауа-райын жақсарту мен «жасыл» жұмыс орындарын жасақтайтын күш – бизнес.

Экономиканы «жасылдандыру» мәселесі – арзан іс емес, жылдам жүретін шаруаға да жатпайды, бірақ, одан басқа жол да жоқ. БҰҰ бағдарламасы офисі жетекшісінің пікірінше, орта және шағын бизнес өкілдерінің «жасыл» қаржыландыруға қолдары жете бермейді. Әсіресе, «жасыл» жобалардағы алғашқы қаржылық шығынның көптігі кедергі келтіреді.

Дегенмен мемлекет ESG талаптарына назар аудара бастады. Мысалы,қаржы министрлігі экологиялық индикаторларды мемлекеттік сатып алу тізіміне қосу туралы ұсынысты қолдады. Пікірталасқа қатысушылар 2022 жылы Қазақстанда «жасыл» қаржыландыруға қатысты құқықтық ортаның қалыптасқанын бірауыздан атап өтті: Экологиялық кодекс қабылданды. Соның арқасында «жасыл» жобаларды жүйелейтін және реттейтін Таксономия енгізілді. Ол табиғат ресурстарын қолданудағы тиімділікті, энерготиімділік пен энергоүнемділікті арттырады, табиғат өзгерісінің тигізетін салдарын жұмсартады. Ал заңдылық тұрғысынан: «жасыл» қаржыландыру ұғымы бекітілді, «жасыл» облигация, «жасыл» несие және басқа қаржы құралдары нақтыланды. Осы жылдан бастап ESG облигацияларын шығару мен нақтылау заң тұрғысында бекітілді.

Конференция соңында айтылған келелі бір жаңалық: Қазақстан Ұлттық
рейтинг ESG-агенттігін құрмақшы. Жалпы «жасыл» энергетиканың өте бір күрделі сала екенін ескерсек, Қазақстанда алғыр да аршынды шараларды қабылданып жатқанын, бұл арқалай да «жасыл»   ілгері бастыруға тиіс екенін жақсы сезінесің.

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста