Қазақстанда қандай мамандар тапшы?

Қазақстанда қандай мамандар тапшы?

Қазір елде қашықтан басқару техникалық оператор, жалпы ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласының мамандары тапшы. Сарапшылар осылай дейді.

 

Олардың пайымдауынша, қазір жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрастыру, тау-кен ісі, прибор жасау және жылу энергетикасы саласының мамандарына қажеттілік күн санап артып келеді.

 

- Это четырёхтактный двигатель, четырёх цилиндровый. Он в разрезе.

 

Тимур Ысқақов «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану факультетінің 4-курс студенті. Бала кезінен көлік құрылымына қызығып, әкесінің ізін қуамын деп шешкен. Бүгінде ол белді кәсіпорындарда тәжірбиеден өтіп, білікті маман болуды көздейді.

 

Тимур Ысқақов, политехникалық колледж студенті:

 

- Мен бұл саланың сұранысқа ие болатынына сенімдімін. Себебі жүргізушінің барлығы бірдей автокөлікті жөндей алмайды. Бала кезімнен әкемнің темір тұлпар жөндегенін көріп өстім. Асқар тау әкеме қарап, өз ісінің хас шебері боламын деген мақсат қойдым. Қазір сол мақсатыма жеткендеймін.

 

Бүгінде жаратылыстану ғылымдары дамып келеді. Енді елде Ай-ти, дата-инженер және жасанды интеллект саласындағы қызметкерлерге сұраныс жоғары.

 

Сондай-ақ  ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау жүйесі техникалық білімі бар мамандарға зәру, дейді сарапшылар.

 

Саясат Нұрбек, BTS Digital білім жобаларының жетекшісі:

 

- Ақпараттық технологиялар, екінші үлкен  бағыт ол медицина саласындағы мамандықтар. әсіресе пандемия кезінде генетика, вирусология, женкешелендірген медицина саласы. Әсіресе биотехнология, генетика салалар пайда болды. дүниежүзі  осыған көшіп жатыр. бізде көшеміз.

 

Бүгінде жоғары технологиялардың серпін алған заманы. Осы тұста айти, киберқауіпсіздік,инженер-технолог сынды салаларға сұраныс артты. Тақауда «Мемлекет басшысы техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет» ,-деген болатын.

 

Осыған орай Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытатын жоғары оқу орындарының тізіміне енді.

 

Ләззат Әділова ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

 

- Техникалық мамандарды дайындау үшін осы тізімге өзгерістер енгізуді көздеп отырмыз. +00 49 Жыл басында бұл тізімге тек қана бір университет енген болатын.  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті өзіңіз білетіндей. 01 13Қазіргі таңда 27 елден 200-ден астам университет енгізілген.

 

"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай жастардың 100%-і қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылады. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың саны азаяды.

 

Санжар Тәтібеков, "TALAP" КЕАҚ Вице-президенті:

 

- Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі тегін болсын. Осы ретте, 25 жылға шейін кәсіптік техникалық білім беруге үміттеніп, осында оқимын деген   абитуриенттер үшін жағдай жасалады. Яки 100 пайыз тегін оқитын болады. Сонымен қатар, кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оқитын студенттердің степендиясы өсу көзделген.

 

Десе де, заман ағымына қарай, еңбек нарығында кейбір мамандықтар жойылуы мүмкін -дейді сарапшылар. Мәселен, жедел желі, жүк тиеушілер, қойма қызметкерлері мен корректорларға сұраныс аз.

 

Не десек те, бұл уақыт талабы.

 

 

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста