Жүрек ауруларын қалай емдеуге болады?

Жүрек ауруларын қалай емдеуге болады?

 Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, миокард инфарктысы, т.б.

Жүрек қан тамырлары ауруларының түрлері қандай?
Жүрек қан тамырларының жарылуы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы;
Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;
Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы;
Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы;
Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы;
Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы;
Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.

Жүрекке қан жетпеген жағдайда қандай аурулар пайда болады?
Жүрек қан тамырларының бұзылуы мынадай ауруға шалдықтырады.

Вена қан тамырларының кеңеюі

Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қан тамырлары кеңейеді. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды.

Жүрек кемістігі

Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақау жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады.

Анемия (қаназдық)

Анемия – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болады. Негізгі себептері: денеден көп қан кету, химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы, эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т.б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Осы себептен зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда, қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Ақ қан (лейкемия) ауруы

Ақ қан (лейкемия) ауруы лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады. Лейкоциттер эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста